• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:48:29
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасының бірі – «BIRGE» жалпыұлттық акциясы. Ондағы басты мақсат – ел тұрғындарының ұсыныс-тілектерін жинақтап тіркеу және жұртшылық көтерген мәселелерді шешу. Акция шеңберінде Жамбыл облысы бойынша 30 мыңнан аса ұсыныстар мен тілектер түскен. Қазіргі таңда олардың орындалуы бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Барлығы сараланып, шешілуі тиіс мәселелер жауапты мекемелерге үлестіріліп, оның жүзеге асуы бүгінде «Nur Otan» партияcының бақылауында алынды.

-Түскен ұсыныс-тілектердің бірқатары баспана, жұмыссыздық, жол жөндеу және ауыз су мен елді мекендерге көгілдір отын жеткізу мәселелері. Байзақ ауданының тұрғындарынан түскен ұсыныстардың дені ауылға газ тартып, оны үйді-үйге кіргізу құнының қолжетімді болуы. Қазіргі таңда Байзақ ауданында 43 елді мекеннің 60 пайызы көгілдір отынмен қамтылып, тұрғындарға газ тұрақты берілуде. Аудан аумағындағы газдандырылмаған елді мекендерді көгілдір отынмен қамту мақсатында қазіргі таңда 9 ауылға газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл биылғы жылғы меже. Ал алдағы екі жылда 21 елді мекенге кезең кезеңімен көгілдір отын жеткізу жоспарланған. Құрылыс жобасының жалпы құны – 3,46 миллиард теңге,- «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз хатшысы Нұржан Туғанбай.

Сонымен қатар, байзақтық тұрғындарды толғандыратын тағы бір мәселе – автожолдардың жөнделуі. Рас, ауданды облыс орталығымен байланыстыратын үлкен жолдың бірқатар бөлігі сын көтермейді. Себеп те жоқ емес. Тараз қаласына тіке апаратын күре тамыр да сол жол. Жүк көліктері де жиі қатынайды. Алайда, азаматтардың тілегінің орындалуы партия назарында. Облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 3,4-4,4 шақырым аралығын жөндеу жұмыстары күн тәртібінде тұр. Қазіргі уақытта мердігер компания анықталып, құрылыс жұмыстары басталды. 2,5 миллиард теңге қаражатты құрайтын жоба аясында қолға алынған іс келесі жылы толық аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолын жөндеу жұмыстары да жіті бақылауда. Жалпы құны 825 миллион теңге қаражатты құрайтын құрылыс жұмысы биыл басталып, нысан алдағы жылы пайдалануға берілмек. Аталған автожолдың 7-60 шақырым аралығына орта жөндеу жұмыстарын жасау 2020-2022 жылдар аралығында іске асырылады.

Автомобиль жолдарын жөндеу мәселесі бойынша Т.Рысқұлов ауданы тұрғындары да «BIRGE» жалпыұлттық акциясы аясында ұсыныс-тілектерін жолдаған болатын. Жалпы ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар екі автожолды жөндеу жоспарланып, Қарақат ауылына кіреберіс жол мен Төреңөзек-Көкарық-Шолақ-Қайыңды автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ биыл аудан бойынша ұзындығы 22 шақырымнан асатын 23 көше жолдары жөнге келтірілетін болады. Құрылыс жұмыстарын қазан айында аяқтау көзделген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір