• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:42:12
Алматы
+35°

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында IT-қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр. Осыған орай, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өңір кітапханаларының қоғамдағы кеңістігін дамыту, оларды үздіксіз өзгеріп отырған шарттарға бейімделу мақсатында Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовтың бастауымен облыстағы мемлекеттік кітапханалар жанынан цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда. «Цифрландырылған ақпараттық орталық ашу» тұжырымдамасында көрсетілгендей, орталықтар ауыл тұрғындарын көрсетілетін электрондық ақпараттық қызмет аясын кеңейту, әртүрлі санаттағы тұрғындардың әлеуметтік маңызды ақпараттар мен анықтамаларға қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ шаруа қожалықтары, кәсіпкерлік субъектілерінің, басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалардың ауыл тұрғындарымен кездесулер, бизнес-тренингтер мен семинарлар өткізу алаңы ретінде пайдалануына жағдай туғызу мақсатында өз қызметтерін ұсынуда.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 274 мемлекеттік кітапхана өңір тұрғындарына мәдени-ақпараттық қызмет көрсетеді. 11 кітапхана Тараз қаласында шоғырланса, 263 мемлекеттік кітапхана өңірдің 151 ауылдық округінде қызмет атқарады.

2018 жылдан бастап үстіміздегі жылдың 8 айы ішінде облыс кітапханаларынан 18 «Коворкинг» және 112 цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды. Сонымен қатар, 2019 жылдың соңына дейін жоспарға сәйкес 19 округте 20 орталық іске қосылады және қосымша 17 ауылдық округтегі 19 кітапханада осындай орталықтар ашу мүмкіндігі бар. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Цифрландырылған ақпараттық орталықтарда жылдамдығы жоғары Интернет желісі арқылы түрлі ақпарат іздеу, кеңесші көмегі, құжаттарды басып шығару, интеллектуалды қызмет түрлері мен құжаттарды цифрлы форматқа енгізу, өз бетінше жұмыс жасау үшін компьютерлер ұсынумен қатар е.gov kz порталы арқылы мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде жоғары сұранысқа ие мекен-жайлық, зейнатақы қоры анықтамасы, балабақшаға кезекте тұрғаны жайлы, жылжымайтын мүліктер, азаматтың сотталған немесе сотталмағаны туралы, т.б. анықтамаларын алуға болады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда орталық қызметкерлері http://zhambyl.cao-zhambyl.kz сайты арқылы жергілікті тұрғындарды ауыл, аудан, облыстың қоғамдық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік өмірі аясында жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір