• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:35:59
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Шу ауданында 2019 жылы агроқұрылымдары 362 миллион 591 мың теңгеге 51 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды, оның ішінде лизинг тәсілімен 109 миллион 619 мың тенгеге 17 дана, өздерінің қаражаттарына 34 дана техника 252 миллион 972 мың теңгеге алынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылдың есепті кезеңінде ауданда мал басының саны ірі қара малы – 42718 бас, қой-ешкі – 391371 бас, жылқы – 14944бас, түйе – 68 бас, шошқа – 1473 бас және үй құстары – 111735 басты құрап отыр. Мал шаруашылығы бойынша 25751,1 тонна сүт сауылып,(2018ж-25593,3 өткен жылмен салыстырғанда 100,6%-ға орындалды, өндірілген еттоннаға 3924,7 жетіп 101,2%-ға немесе 50,3 тоннаға көбейді.(2018ж-3874,4 тонна), алынған жұмыртқа 5258,5 мың данаға жетіп, 101,0%-ға орындалды. Ауданда 7 мал бордақылау алаңы және қой шаруашылығы бағытында - 7, жылқы шаруашылығы бағытында – 1 асыл тұқымды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жұмыс жүргізуде.

Шу ауданы бойынша су үнемдеу технологияларын қолдану көрсеткіші 3405,5 га, оның ішінде тамшылатып суару жүйесі 3365,5 га, жаңбырлатып суару жүйесі 40 га құрап отыр. Шу ауданындағы 2015-2019 жылдарға көкөніс кластері бойынша Тасөткел магистралы каналының оң жақ жағалауындағы тәлімі жерлерде заманауи озық технология, тамшылатып суаруды енгізе отырып, ауданда суармалы жердің көлемін ұлғайту.

Бүгінгі күнге ауданда ауылшаруашылық мақсатындағы егістік жерлердің көлемі барлығы – 140572 гектар. Оның ішінде суармалы жердің көлемі – 26864 гектар, яғни 19,2 пайыз. Көкөніс кластер жоспарына 5 округтің жері қамтылған. Олар: Ескі Шу, Жанажол, Бірлікүстем, Алға және Балуан Шолақ.

Шу ауданында 2015-2019 жылдары көкөніс кластерін құру кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес Тасөткел магистралды каналының оң жақ жағалауындағы тәлімі жерлерді суармалы алқаптарға айландыру үшін Ескі-Шу, Жаңа жол, Бірлікүстем ауылдық округтерінде инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша барлығы 76,1 млн. теңгеге 23,5 шақырым жерге электр жүйесі тартылған болатын. Қазіргі кезде 8 подстанция жұмыс істеп тұр.

Жалпы осы оң жағалаудағы көкөніс кластеріне игерілетін жер көлемі 9381,55 гектарды қамтиды. Осы жерлерге 4 танаптық егіс айналымын ендіре отырып, көкөніс және басқа да дақылдарды өсіру жоспарланған. 2016 жылы осы алқаптың 2300 гектар жері шаруа қожалықтардың күшімен суармалы жерлер ретінде пайдаланылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір