• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:19:22
Алматы
+35°

Екі күннен бері Жезқазғандағы коммуналдық қызметтер Үйтас-Айдос су жинағышынан қалаға тартылған құбырдағы апаттың салдарын жоюмен айналысуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кеше қала әкімі Қ.Бегімов апат салдары бүгін жойылып, қалаға су берілетінін айтқан болатын. Алайда бүгін әкім өз парақшасында қалпына келтіру жұмыстарының әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Естеріңізге салсақ, кеше Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек Қ.Бегімовке сөгіс жариялады.

Ал, облыстың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек апат туралы былай жазды.

"Жезқазған су құбырын жөндеу кезінде құбыр жарылып кеткенін біліп отырмын. Соңы аварияға ұласқан. Желінің жалпы ұзындығы – 60 км екен. Апат қаладан 25 шақырым жерде болған. Бұған  50 жыл бұрын салынған құбырдың әбден тозуы себеп болып отыр.
Дәл қазіргі уақытта 389 көп қабатты үйде су жоқ. Су 3 қабаттан жоғары орналасқан пәтерлерге түспейді. Тұрғындарға тәулік бойы су тасымалдау ұйымдастырылды.
Қазір жөндеу әрі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық қажетті техника мен мамандар тартылды. Сондай-ақ менің орынбасарым Ермағанбет Бөлекпаев, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов пен тиісті мамандар апат орнында жүр Бұл жағдай менің тұрақты бақылауымда екенін жеткізгім келеді",- деп жазды Жеңіс Қасымбек өзінің фейсбук парақшасына.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір