• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:29:12
Алматы
+35°

08 Қазан, 2019

Аудан әкімінің орынбасарына пара алғаны үшін 6 млн теңге айыппұл салынды

Аудан әкімінің орынбасары лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне  дерегіне сүйеніп.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ.Серікбаевқа пара алғаны үшін 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Агенттіктің хабарлауынша, Серікбаев "жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алған". 

– Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары – жер комиссиясының төрағасы Б.Қ.Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын. Биыл 7 қазанда Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен Б.Қ. Серіков пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, – делінген агенттіктің хабарламасында.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір