• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:36:41
Алматы
+35°

Еліміз егемендік алғалы бері ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесін назардан тыс қалдырған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та салаға серпіліс сыйлау мақсатында стратегиялық мақсаттар қойып отыр.

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі айтылған жерде ветеринариялық қауіпсіздіктің де қатар жүретіндігі даусыз. Өйткені, төскейді төрт түлікпен толтыру тұрғысында мал дәрігерлеріне артылатын міндет те зор. Сондықтан да мемлекет кейінгі жылдары ветеринариялық нысандардың санын арттырумен қатар сала мамандарын ынталандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Бүгінде Тараз қаласында ветеринария саласы бойынша тындырымды тіртіктер тіктелуде. 2019 жылдың басынан 4250 бас мүйізді ірі қара, 6800 бас уақ мал, 950 бас шошқа, 600 бас жылқы, 22500 бас ит, 2200 бас мысық және 31000 бас үй құстары тіркеуге алынып, оларға эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізу үшін бюджеттен 32,0 миллион теңге бөлінді. Есепті кезеңде оның 21,0 миллион теңгесі игеріліп, бұл қаражатқа жануарларды қауіпті ауруларға қарсы вакциналау және диагностикалық жұмыстарға керекті вакциналар алынып, жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта шаһарда сібір жарасы ауруына қарсы 3300 бас сиыр, 5000 бас қой-ешкі, 400 бас жылқы, 800 бас шошқа, аусыл ауруына қарсы 4700 бас мүйізді ірі қара, 9000 бас уақ мал, 1000 бас шошқа егілді. Сонымен қатар лептоспироз, қарасан, туберкулез, маңқа, оба, күл, сүйел, эхинококкоз ауруларына қарсы да тиісті шаралар қолданылды.

Биыл сондай-ақ егеуқұйрықтарды жою жұмыстарына 11,7 миллион теңге қаражат бөлінді. Егеуқұйрықтарды жоюға өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Гарант» дезинфекциялық орталығы ЖШС-гі электронды сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз болып анықталған. Бөліммен келісім-шартқа отырып, қазіргі таңда Тараз қаласы аумағындағы көпқабатты үйлердің жертөлелері мен қоқыс тастайтын контейнерлерге дератизациялау жұмыстарын жүргізуде.

2019 жылға қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстап жоюға жергілікті бюджеттен 20,4 миллион теңге қаражат бөлінсе, есепті кезеңде 16,3 миллион теңгесі игерілген. Нәтижесінде 7571 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ұсталып жойылған.

Ал «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын-алу мақсатында қажетті препараттарды алу үшін қалалық бюджеттен 7,3 миллион теңге қаражат қарастырылғанын айта кету керек. Ағымдағы жылдың «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын-алу мақсатында қажетті препараттар алынып, бөлінген қаржы толығымен игерілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір