• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:25:10
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 Аймақтар

Қолдау болса, қорғауда күшейеді

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ даналығы. Расында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жасаған тірліктің берекесі болатындығы белгілі. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа арнаған Жолдауында айтып, әсіресе тұрғындардың қауіпсіздігімен тікелей айналысып отырған салаларға қолдау білдіруді тапсырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Естеріңізде болса, 2000 жылдары өрт сөндірушілер кеңестік кезеңнен қалған противогаздарды бастарына киіп, әйнектерінен айналаңды көру қиын болса да, жалынмен арпалысты. Ал қазір Құдайға шүкір өрт сөндірушілер заманауи құрылғылармен жабдықталған. Жамбыл облысындағы автокөлік паркі жүз пайызға болмаса да, жылда толықтырылуда. Одан бөлек, жергілікті билік те салаға қолдау білдіріп, биыл 5 өрт сөндіретін көлік алып берді. Сонымен қатар жергілікті қазынадан қаралған қаржыға жол талғамайтын бір көлік сатып алынды. Бұл көліктің биыл Жуалы ауданының Қошқарата сынды қыста қар құрсауында қалатын ауыл тұрғындарымен байланыс орнатуға көп септігі тигелі тұр. Тағы бір айта кетерлігі, жергілікті бюджеттен 31 миллион теңге бөлінуінің арқасында тұрғындарды құлақтандыру жүйесін де іске қосылған. Бұл құрылғының көмегімен төтенше жағдай кезінде кез келген теледидар мен радиодағы бағдарламаны үзіп, хабарлама тарату мүмкіндігіне сала мамандары ие болып отыр.

Қазіргі таңда барлық аудандарда өрт сөндіру бөлімдері қызмет етіп жатса, жуырда Шу ауданының әкімдігі Шоқпар ауылынан өрт сөндіру бекетін ашып, өрт сөндірушілердің жұмысын жеңілдете түсті. Одан бөлек, жақын күндері осындай бекеттер Андасбатыр мен Түймекент ауылдарынан да ашылады деп күтілуде. Міне тәуелсіздік таңының осындай жақсылықтарын көріп, төтенше жағдайлар қызметінің ертеңіне ерекше үмітпен қарауға болады.

Иә, қолдау болса, адамдарды қорғау да жолға қойылатыны анық. Оны сала мамандары да сезініп, бүгінде жұмысты барынша жүйелеуде. Бір бағытта жаңа автокөліктер желмен жарысып өрт сөндірсе, екінші қырда ауылдардан ашылған өрт сөндіру бөлімдері жұмыс қарқынына қарқын қосуда. Ал үшінші бағытта мамандар тұрғындарды төтенше қауіпі туралы құлақтандырып, өз міндеттірін мінсіз атқаруда. Міне саусақ біріксе, ине ілігеді деген осы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір