• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:08:24
Алматы
+35°

Әне-міне дегенше кәрі құда – қыс та қылышын сүйретіп, қыр астына жетіп қалды. Бұл ретте, аса жауапты жылыту маусымын абыроймен атқару – аса маңызды іс. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылумен қамтамасыз ету қатаң бақылауға алынуда. Жамбыл облысында бұл бағыттағы жұмыстар жаз айларында басталып, қазіргі таңда толықтай аяғына жеткен. «Қыс шанасын жаз сайлайтын» Жуалы ауданының тұрғындары да маңызды кезеңге тыңғылықты дайындалуда.

Атап айтар болсақ, Жуалыда білім мекемелерінің қысқы жылыту маусымына дайындығы аудандық білім бөлімнің тұрақты назарында.

– Аудандағы 72 білім беру мекемесінде 33 қазандық бар. Бөлімге қарасты барлық білім мекемелерінің әйнектері қос қабатты және қатты отынмен (көмірмен) жылытылатын білім мекемелерінде көмірхана бар. Қазандығы бар білім мекемелері толықтай қосалқы генератормен қамтамасыз етілген.

Айта кетсек, 49 мекеме сұйық отынмен, ал 23 мекеме қатты отынмен жылытылады. 2019 жылы қатты отынмен қамтамасыз етуге мектептерге 35 790,0 мың теңге, балабақшаларға 2 820,0 мың теңге, ал сұйық отынмен қамтамасыз етуге мектептерге 46 600,0 мың теңге, балабақшаларға 9 350,0 мың теңге қарастырылып отыр, – дейді аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов.

Бұл ретте, оқушыларды тасымалдау және ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарына ад жоғары деңгейде назар аударылып отыр екен. Жаңа оқу жылында ауданның 17 елді мекенінен 525 оқушы тоғыз орта мектепке тасымалданып оқытылуда. 2019 жылы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 2546 балаға 165783,0 мың теңге қаржы қаралып, 9 айда 74 пайызы яғни, 123041,0 мың теңге қаражат игеріліп, ыстық тамақ берілуде.

Жауапты маусымда балабақшалар да аназардан тыс қалып жатқан жоқ. Жалпы, ауданда 32 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Соның ішінде 26 мемлекеттік балабақшада – 2075 бала, «Айгөлек» шағын орталығында 50 бала, жекеменшік балабақшаларда 280 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. 0-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны -750.

Ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие және оқытумен қамту үлесі 1-6 жас аралығындағы 82 пайыз, ал, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі ауданда 100 пайызды көрсетіп отыр. Яғни, аудан 1-6 жас көрсеткіш бойынша 4,8 пайыз төмен, ал 3-6 жас бойынша- 2,1 пайыз жоғары. Бүгінгі күні, 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту үлесін облыстық көрсеткішке жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір