• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Қараша, 20:54:28
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 Аймақтар

Үштілді білім берудің маңызы зор

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес орта білімдегі үш тілді жаратылыстану-ғылымдары бағытындағы пәндердің 2018-2019 оқу жылында ағылшын тілінде жүргізілуі көзделген. Аталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Жамбыл облысында мұғалімдерді сертификаттау шаралары жүруде. Мысалы, Жуалы ауданында 2018 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап В1,В2, С1 деңгейде Clil сертификаттарды иеленген мұғалімдер жалпы аудандағы 24 мектептен 43 мұғалім 48 сыныпта 4 пәннен сабақ береді. Оның ішінде 7 мұғалім С1 ал 36 мұғалім В1, В2 деңгейдегі септификатталған мұғалімдер.

Атап айтсақ, физика пәнінен 10, химия пәнінен 11, биология пәнінен 9, информатика пәнінен 13 мұғалім ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыруда.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап физика пәнінен 6, химия пәнінен 5, биология пәнінен 5, информатика пәнінен 10 мұғалім, барлығы 26 ұстаз ағылшын тілінде оқытылуда.

– Республикалық бюджеттен 2018 жылы базалық лауазымдық жалақысынан әр мұғалімге 35 мың 394 теңге қосымша жалақы қосылуда. Жалпы жыл соңына дейін 37012,0 мың теңге қарастырылып, игерілді.

Республикалық бюджет есебінен жалпы 2019 жылы 950 896,0 мың теңге қаражат жоспарланды, соның ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерге 45 256,0 мың теңге.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттен» 190928,0 мың теңге, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы М. Айжанов.

Сондай-ақ, педагог-психологтардың жалақысы 1 қаңтардан көбеюіне байланысты 12137,0 мың теңге қаралған. Айлық жалақысы 42500 теңгеден төмен айлықты жоғарылату мақсатында 267 927,0 мың теңге қаржы қаралыпты. Бұдан бөлек, «Аягүл», «Балдырған», «Қарасаз», №1 балабақшаларының бүлдіршіндері ерте жастан бастап үш тілде тәрбиеленуде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір