• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:45:27
Алматы
+35°

Мемлекеттік саясатты мәнсіз жүзеге асырып, мал басын арттыруда ветеринария саласының орны ерек екені белгілі. Себебі аталмыш сала тікелей індеттердің алдын алу мен сақтық шараларына күш жұмылдырады. Жамбыл облыстық ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша биыл бруцеллез ауруының саны азайып, жалпы жағдай оң динамика көрсеткен екен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысының міндетін атқарушы Қанатбек Қартабаев атап өтті. Диагностикалық зерттеулерге жүргізілген талдау бойынша малдар арасында созылмалы бруцеллез ауруына шалдығу жылдан жылға төмендеуде. 2010-2019 жылдар аралығында ІҚМ бруцеллез ауруы 86 пайызға төмендеген (2010 жылы МІҚ-3025 бас, 2019 жылы 397 бас оң нәтиже берді жұғу 0,6% – дан 0,1% төмендеді). Уақ малдарда бруцеллез ауруы – 17 пайызға төмендеді (2010 жылы -10066 бас, 2019 жылы 1732 бас оң нәтиже берді жұғу 0,4% – дан 0,1% төмендеді). Сондай-ақ, облыс бойынша адамдардың бруцеллез ауруына шалдығуы 2010 жылмен салыстырғанда 255 адамға кеміген (2010 жылы -402 адам, 2019 жылдың 9 айында -147 адам) Бруцеллезге шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарлары дер кезінде оқшауланып, ветеринариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық союға жіберіліп, мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қадағалауымен өңдеу орындарына жіберілу.

Ал жалпы келгенде биыл Жамбыл жерінде ветеринариялық жағдай тұрақты. Конго Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан жекелеген елді мекендерде 3 жыл көлемінде ауру тіркелмегендіктен және ауру қоздырғышын тасымалдаушы кене анықталмауына байланысты 2019 жылы ошақтағы елді мекен саны 83 – тен 48 – ге кеміген. Кенеге қарсы жұмыстардың көктемгі 1 және 2 кезеңі толық аяқталып отыр. Нәтижесінде жоспарға сәйкес 48 елді мекенде көлемі 4 743 647 шаршы метр болатын 17 917 қора жай, 502 238 бас ауыл шаруашылығы жануарлары кенеге қарсы 100 пайыз дәріленді. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарының күзгі 3 кезеңі атқарылуда. Бүгінгі күнге табиғи ошақта 22 мал тоғытпасы және 38 душ қолданысқа алынған. Қора жайларды дезинцекциялау жұмыстары 17 ДУК автокөлігімен жүргізілуде. Облыста ветеринарлық жағдай бір қалыпты және тұрақты бақылауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір