• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:42:39
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жыл санап әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының еселеп артқаны тілге тиек етілді. Сәйкесінше мемлекет тарапынан мұқтаж жандарға қол ұшын созудың барлық мүмкіндігі қарастырылатындығы да айтылды. Бұл мүмкіндікті мойынқұмдық әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың мүшелері де айқын сезініп келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында аудандағы аз қамтылған 711 отбасының 3658 мүшесіне 293 миллион 200 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Әлеуметтік қолдау шараларынан бұдан басқа мүдделі топтарға жататын азаматтарға да шет қалған емес.Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында 7 миллион 575 мың теңге, жергіліктібюджеттен 35 миллион 19 мың теңге қаржы қарастырылған. Бұл санатқа жататын мойынқұмдық азаматтар қажетті құрал-жабдықтармен де қамтамасыз етілген.

–Әлеуметтік мәселе жайында айтылғанда тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін атап өтпеу мүмкін емес. Бұл ретте аудан орталығындағы 2,4,5, қабатты үйлерді қайта жаңғырту және дәрігерлерге арналған 20 пәтердегі азаматтардың үй құжаттары жасалды.Сондай-ақ жұмыссыздықпен де нәтижелі күрес шаралары қолға алынды. Екі қолға бір күрек таппай жүргендер 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 1- бағытын пайдаға жаратып, жеке кәсіпкерлікке ден қойған. Аталған бағдарлама аясында 95 азамат қысқа мерзімді курсты аяқтап, сертификаттарын алды. Олардың 57-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Ал осы бағдарламаның екінші жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 90 азамат оқыды. «Е-халық» бағдарламасына аудандағы 7803 отбасы яғни 31566 халық толықтай енгізіліп, оларды қолдау тетігін қарастыру бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді, –дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев.

Ауданда әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың қолдаудағы тағы бір табысты жоба «Шапағат» қоры арқылы жүзеге асуда. Арнайы комиссия арқылы аталған қор аудан орталығындағы 38 отбасыға 2 тоннадан көмір және өзгеде қажетті азық-түлік алып берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір