• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:35:11
Алматы
+35°

Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 100-қадамында «Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру міндетін жүктеген болатын. Бұл тұрғыда Елбасы «Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады деп атап көрсетті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметті сапа менеджменті iso 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттау мәселесіне де айрықша назар аударылды.

Мемлекеттік корпорация «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады

Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша 22 бэк –офис және 16 фронт-офис халыққа өз қызметін көрсетуде.

-Мемлекеттік корпорацияның айырылмас бөлігі – «Электрондық үкімет» Электронды үкімет порталы жұмыс істей бастаған сәттен бүгінгі күнге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтардың үйден шықпай-ақ ала алатын қызметтер мен сервистер тізбесін арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Бүгінгі күні, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның eGov.kz порталы инфрақұрылымына 150-ден аса ақпараттық жүйелер мен деректер қоры интеграцияланған. Яғни, «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және азаматтар бірнеше мемлекеттік органдарға бармай-ақ бір ғана сұрау салу арқылы қызметтерді пайдалана алады,-дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков.

Қазіргі таңда бұл бағытта жүйеді жұмыстар жалғасын табуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір