• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:34:07
Алматы
+35°

Дамыған қоғамның басты белгісі еңбекшілер мүддесінің ескерілуі десек қателесе қоймаймыз. Бұл орайда кәсіпорын мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынасын реттеуші ұжымдық шартпен қамту өзекті мәселе саналады. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында ең әуелі қарапайым еңбек адамдарының жайын ойлап, жағдайын жасауға басымдық беруді әлеуметтік саясаттың басты бағдарына айналдыру қажеттігіне тоқталған. Сәйкесінше қазіргі таңда 4794 жамбылдық кәсіпорында еңбекші мен ол қызмет ететін ұйым басшылығы арасындағы еңбек дауы ұжымдық шарттың талаптарына сай шешіліп келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде облыс аумағындағы 4794 кәсіпорын ұжымдық шартпен қамтылған. Бұл ұжымдық шартпен қамтылған заңды тұлғалардың 54,3 пайызын құрайды.

–Мұндағы 1567 кәсіпорын мемлекеттік меншікте. Оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар ұжымдық шартпен 100 пайыз қамтылған. Ал шағын мемлекеттік кәсіпорындардағы қамту көрсеткіші 98 пайызды құрайды.

Сондай-ақ ұжымдық шарттармен бірге жұмыскерлердің жұмыстан қысқартылуына және еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктер мен кәсіпорындар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен жылы облыста 8230 меморандум қабылдады. Бұл меморандумдар облыста әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың 93,2 пайызын құрайды. 2019 жылдың 9 айында 4980 меморандум қабылданды, –дейді облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Балабек Нарбаев.

Сонымен бірге басқарма тарапынан жеке және заңды тұлғаларға еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша әдістемелік көмектер де көрсетіліп, жұмыскерлердің еңбек заңдылықтарын жетік білуіне ықпал ету жұмыстарын ұйымдастыру тұрақты жолға қойылған. Атап айтқан басқарма мамандарымен 1945 адамға еңбек қатынастары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 945 лекция оқытылп, методикалық көмектер көрсетілді.

–Мұнан бөлек қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарындағы мәселенің еңбек инспекторларымен тексеру кезінде еңбек заңнамасын бұзудың 180 фактісі анықталды. Соған сай жұмыс берушілерге 77 нұсқама, 19 ескерту түріндегі әкімшілік шара және 34 айыппұл салынған. Салынған айыппұлдың көлемі 5 миллион 226 мың 750 теңгені құрайды, –дейді облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Балабек Нарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір