• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:11:46
Алматы
+12°

Мемлекеттен сатып алу құқығынсыз, жалдамалы пәтерді 5 жыл мерзімге алған жастар баспана бойынша басқа бағдарламаларға қатыса алмайды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Осы бағдарлама арқылы жастар жалдамалы үйді алып жатса, ол үміткер баспана бойынша екі тізімде бола алмайды. Яғни  баспана бойынша басқа бағдарламалардағы кезектен шығарылады. Жалдамалы үйге ие болған азамат "7-20-25" секілді немесе басқа да әкімдіктің бағдарламасында тұрса, олардан автоматты түрде алынып қалады. Тек бір тізімде болады", – деді ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы істері бойынша комитет төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов елорда әкімдігінің баспасөз орталығындағы брифингте.

Еске салсақ, 5-10 қараша аралығында елордада жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер бойынша өтініш қабылданады. Өтініш тек электронды түрде Smart Astana порталы арқылы қабылданады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір