• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 03:19:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

06 Қараша, 2019 Тағайындау

Санжар Әділов ІІМ Тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Тергеу департаментінің жаңа басшысын таныстырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы қызметіне полиция полковнигі Санжар Әділов тағайындалды.

Санжар Әділов 1977 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бері қызмет етіп келеді. Басшылық қызметтерде тәжірибесі мол. Түрлі жылдары құқық қорғау органдарының (ішкі істер мен қаржы полициясы) тергеу бөлімшелерінде, ІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеген. 

2013 жылдан бері Нұр-Сұлтан мен Алматы полиция департаменттері басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Тұрғымбаев министрліктің орталық аппараты қызметтерінің басшыларына ел Президентінің қылмыспен күрес, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмаларын еске салды. "Тергеу бөлімшелері қылмыстарды жылдам әрі толық ашу мен тергеуді, халықтың конституциялық құқығын қорғауды, жаза қолдану қағидасын қамтамасыз етуі керек", - деді министр. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір