• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 18:52:22
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қараша, 2019 NEWS

Танымал актриса жүргізушінің қысымына шыдамай, көліктен секірді

"Алданған әйел", "Сарвиноз", "Үлкен апа" фильмдері арқылы көпшілікке танылған Өзбекстанның танымал актрисасы Гавхар Шарипова көз жұмды – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, gazeta.uz -ға сілтеме жасап.

Оқиға Қашқадария облысындағы А–380 "Самарканд – Гузар" жолында болған.

Облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының мәлімдеуінше, көлік 140 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Жолда жүргізуші актрисаға қол жүгіртеді. Гавхар Шарипова есікті ашса да, жүргізушінің көлікті тоқтатпаған. Осыдан кейін 39 жастағы актриса көліктен секіріп кетеді. Алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Өзбекстанның қылмыстық кодексінің 266-бабы 2-бөлігіне сәйкес (көлікті басқару ережесін бұзу салдарынан болған адам өлімі) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір