• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:43:02
Алматы
+12°

Оралда жол апатынан қайтыс болған 10 жасар қыздың денесін мәйітхана қызметкерлері қателесіп, басқа ауылға жіберген деп – Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Айарудың әкесі Асылхан Қазиевтің айтуынша, ол мәйітханаға келгенде қыздың денесін басқа ауылға алып кеткені белгілі болды. 

"Қызымызды жерлеуге дайындалып жатыр едік. Мен мәйітханаға бардым. Қызметкерлер құжаттарды көрсетіп, қызымның денесін алып кеткенін айтты. Сайхиндегі отбасы да қайғыдан қан жұтып отыр екен. Олар балаларын алып кетуге менен екі сағат бұрын келген. Оларға қателесіп, Айарудың денесін берген",  – дейді қыздың әкесі. 

Одан өзге қыздың денесін алып кеткен отбасы Орал қаласынан алыстап кеткен.

"Ол адамдар да сене алмады. Мәйітхана қызметкерлерінің жауапсыздығы ақылға сыймайды ", – дейді Қазиев.

Еске салсақ, 20 қараша күні әжесімен бірге каратэ жаттығуынан қайтып келе жатқан. Жаяу жүргінші жолында Audi жүргізушісі Айаруды қағып кетіп, ізін суытты. Полицейлер жүргізушіні бірнеше сағат ішінде ұстады.

Айару Ермек қаладағы белгілі музыкант Асылхан Қазиевтің үлкен қызы және белгілі күйші, облыстық филармония әртісі Ермек Қазиевтің немересі.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір