• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:33:27
Алматы
+35°

Бұл сұраққа "Болашақ" бағдарламасының стипендианты Жолдас Өрісбай өзінің фейсбуктағы парақшасында жауап берді.

"АҚШ-тың саяси сахнасында көптен бері талқыланып жатқан импичмент процесінің орта жолғы нәтижесі белгілі болды. Бүгін өкілдер палатасында соңғы талқылау барысы өтіп, импичмент мәселесіне қатысты дауыс берілді. Демократтар бір қолдан қолдаса, Республикалықтар толық қарсы болды. Ал өкілдер палатасында демократтар саны көбірек болғандықтан, импичмент қабылданып отыр" деген ол әйтсе де, Дональд Трамп президенттік посттан кетпейтінін айтты.

"Оның постта қалу не кетуін ендігәрі Сенат шешуі тиіс. Егер Сенат мүшелерінің үштен екі бөлігі импичментті қолдап дауыс берсе, онда Трапм кетеді. Егер одан аз болса, ол өз қызметін жалғастырады. Мұнда айта кеткен жөн, Сенат мүшелерінің арасында республикалықтар саны басым. Сондықтан үштен екі бөлігі импичментті қолдауы қиындау" деп атап өтті Жалғас Өрісбай.

Осылайша, Трамп АҚШ тарихындағы импичмент жарияланған үшінші президент атанып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Дональд Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір