• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:08:33
Алматы
+35°

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Bek Air әуекомпаниясы ұшу қызметінің жетекшісі Эрик Сапаров Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына "серіктік із" яғни әуеге көтерілген ұшақ соңынан ілесетін құйын сияқты құбылыс себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, Fokker 100-дің алдында әуеге жаңа қозғалтқышты, 89 тонналық Airbus 321 лайнері әуеге көтерілген. Ұшақ үлкен, ауыр болған сайын "серіктік із" де соғұрлым күшті болады.

– Airbus 321-дың ұшу уақыты – 07:19. Жылдамдығы – 180 узел (340 км/сағ) болған. Ал Fokker 100-дің ұшу уақыты – 07:20. Жылдамдығы – 155 узел (287,1 км/сағ). Арадасы 1 минут. Fokker 100-дің алдында ұшып кеткен борттан қуатты "серіктік із" пайда болған. Екі ұшақ арасындағы уақыттық интервал кемі 2 минутты құрауы керек. Fokker 100 әуеге көтерілгеннен 6 секунд өткенде 19,6 фут (6 метр) биіктікте шайқалып, қисая бастаған. Әр секунд сайын, біресе оңға, біресе солға қарай. Ұшақтың бұлайша шайқалуына не себеп? Ауа-райы қалыпты болды. Біздіңше, оған "серіктік із" себеп болған. Біздің нұсқамыз осындай, – дейді Эрик Сапаров.

Баспасөз жиынында ұшақ жолында кезіккен құрылыс болмаса құрбандар аз болуы мүмкін еді деген болжам айтылып, әуежай маңында тұрғызылған үйдің заңдылығына назар аударылды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ұшақ апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір