• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:03:43
Алматы
+35°
 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз алған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қолма-қолсыз төлемнің айтарлықтай өскенін айтты, деп жазады vlast.kz.

"2019 жылы қолма-қолсыз төлемдер 2 есеге артты. Орташа есеппен күніне 37 млрд теңгеге 4 млн төлем жасалған. Алайда мұндай өсімнен бюджетке түсім байқалып отырған жоқ. Алдағы уақытта қолма-қолсыз төлем жасаудың жоғары технологиялық өзге де инфрақұрылымдық түрлері жүзеге асырылады", деді Досаев.

Банк төрағасы Қазақстанда теңге бағамының еркін айналымы сақтала беретінін айтып, былтырғы жыл соңындағы нәтижеге сай теңге 0,4 пайызға күшейгенін мәлім етті.

Оның сөзінше, былтыр қымбатшылық 5,4 пайызды құраған.

 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір