• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:28:49
Алматы
+35°

Италия денсаулық сақтау институтының хабарлауынша, Римде "2019-nCoV" вирусын жұқтырған алғашқы италиялық анықталды. Дүйсенбіде  Уханьнан отанына оралған азаматтардың бірі жасаған медициналық тестілеу оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru -ге сілтеме жасап.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Италия денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы арнайы жұмыс тобын жұмылдыруда. Дүйсенбіде әскери ұшақпен Уханьнан отанына оралған 56 Италия азаматының бірі қауіпті вирусты жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды.

Бейсенбі күні Уханьнан ересек ер адамды Римде Лаззаро Спалланзани ұлттық жұқпалы аурулар институтына алып келді. Италия премьер-министрі Джузеппе Конте журналистерге медициналық органдар коронавирус инфекциясының жаңа жағдайы туындауына байланысты қажетті тексерулер жүргізіп жатқанын растады.

31 қаңтарда министрлер кеңесі елде алты айға төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді жүзеге асыру үшін 5 миллион евро бөлінді. Жүк рейстерін қоспағанда, Қытаймен әуе қатынасын тоқтату туралы шешім қабылданған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: италия коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір