• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:20:11
Алматы
+35°

Алматы облысы Қарасай ауданында танымал ерікті Зарина Шумаеваның үйі өртенді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтаған. Нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Қарасай ауданының әкімдігі алапат өрттен баспанасы жанып кеткен отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдаған.

– Кеше оларға қонақүйде тұруды ұсындық, олар бас тартып көршілерінің үйінде қалды. Бүгінде меценаттардың қолдауымен біз олардың бала санын ескере отырып, уақытша баспанамен қамтамасыз етудеміз. Үй кем дегенде 150-180 шаршы метрді құрайтын болады, – деді Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.

Осы ретте аудан әкімі мұның уақытша шешім екенін, олардың жағдайын ескере отырып тұрақты баспанамен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеліп жатқандарын жеткізді.

Ал аудандағы меценаттар болса, тілсіз жаудан зардап шеккен отбасы үшін үлкен үй сатып алуға дайын екендерін айтқан. 

Атап өтерлігі, Зарина Шумаева аймақта өзінің азаматтық белсенділігімен танылған. Яғни, жолдасы екеуі 22 бала тәрбиелеп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір