• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:06:37
Алматы
+35°

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Halyk Arena спорт кешенінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есептік кездесуі өтуде. Кездесу алғаш рет 3200 орынға есептелген көпсалалы орталықта өтуде, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кездесу басталғанға дейін қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен қалалық мәслихат депутаттары азаматтарды қабылдады. Қабылдау есептік кездесуден кейін де жалғаспақ.

Алматының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бейнероликте көрсетілді.

2019 жылдың 9 айында ЖАӨ 4,8%-ға өсті. Өткен жылы Алматыда 47 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Құны 96 млрд. теңге болатын жаңа 88 бизнес нысаны ашылды.

Өнеркәсіп – 4,5%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үй – 4,8%, құрылыс – 3,4%, бөлшек сауда – 12,1%-ға өсті.

500 шақырымнан астам инженерлік желілер салынды. 73 шақырым жол құрылысы аяқталып, 47 шақырым суару арықтары қайта жөндеуден өтті. 300 мың тұрғынды қамтитын 670-тен астам аула жөндеуден өтіп, екіден астамы енгізілді. Қаланы абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында 320-дан астам көшені жарықтандыру, 287 шақырым су және кәріз, 150 шақырым электр, 20 шақырым жылу желісі және 130 шақырым газ жүргізу бойынша жұмыстар атқарылды.

Жалпы 47 шақырым арық жөнделіп, 670-тен астам аула салынды. 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы әкім есебі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір