• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:27:54
Алматы
+35°

Қазақфильм мен режиссер Ақан Сатаев бір-бірімен «Томирис» фильмі үшін соттасып жатыр. Киностудия SATAI FILM компаниясы мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартты бұзып, қаржылық есепті толық тапсырмады деп айыптады. Ал режиссер келісімшартта құжаттардың нақты тізімі жасалмағанын алға тартып отыр, деп жазады azattyq-ruhy сайты.

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында «SATAIFILM» ЖШС Қазақфильм киностудиясынан «Томирис» фильмі үшін 9 миллионнан астам теңге төлеуін талап етіп, сотқа бергені туралы ақпарат тараған еді. Олардың дауына келісімшартта құжаттардың нақты тізімі жазылмағаны себеп болғаны да айтылған.

Қазақфильм мен «SATAIFILM» ЖШС келісімшартты 2019 жылдың 12 мамырында жасаған. Заң бойынша компания келісімшарттарын былтырғы жылдың 31 желтоқсанына дейін орындауы керек болған. Дегенмен, Есеп комитеті жүргізген мемлекеттік аудиттен кейін арнайы комиссия құрылып, техникалық талаптардың орындалмағаны анықталды.

«Ақан Сатаевтың студиясы мемлекеттік сатып алу туралы келісімді орындау бойынша қаржылық есепті толық тапсырмаған. Олар үш күн ішінде бұл олқылықты жоюы керек еді. Дегенмен, SATAIFILM компаниясы қосымша құжаттарды (шығындарды дәлелдейтін келісімшарт, акт, шот-фактура) тапсырмады»  деді Қазақфильмнің баспасөз қызметі.

Олардың хабарлауынша, киностудия да Ақан Сатаевтың компаниясын сотқа берген.

Белгілі бір әрекет алгоритмі бар және біз оны анық ұстанамыз. Режиссердің еңбегі, фильмнің сапасы, осы мәселеде алынған мемлекеттік қаржыландыру мөлшері маңызды емес. Заңды бақылайтын шарттың мерзімі мен талаптары сақталғаны маңызды. Ресей киноиндустриясында осындай жағдайлардың орын алатынын айта кеткен жөн: белгілі бір компаниялар мемлекеттен фильмдер түсіруге ақша алып, кейін қажетті түрде есеп бере алмайтын жағдайлар орын алады, бұл сот талқылауына әкеп соғады, деді «Қазақфильм» киностудиясының экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы Виктория Чернова.

Еске сала кетейік, режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі 27-қыркүйекте прокатқа шыққан болатын. Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейтін фильмді түсіруге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырыс берген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір