• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:43:25
Алматы
+35°

Корея Республикасында коронавирусқа шалдыққандар саны 334 адамға артып, 1595-ке жетті. 12 адам қайтыс болды. Бұл туралы Корея денсаулық сақтау министрлігіне қарасты сырқатты бақылау мен профилактика орталығы хабарлады, деп жазады ТАСС.

Оңтүстік Корея коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдегі екінші мемлекетке айналып отыр. Соңғы тәулікте вирусқа шалдыққандар саны Қытайдағы желтоқсанда тіркелген көрсеткішке жуықтаған.

Қытайда өткен тәулікте 433 адамның вирусты жұқтырып, 29 адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Коронавирус эпидемиясы шыққалы 2744 адам ажал құшып, 78,4 мың адам вирусты жұқтырған. 32,4 мың адам аурудан толық емделген.

Соңғы күндері коронавирустың таралу аймағы кеңейе түскен. Таяуда Грузия сырқаттың алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлады. Грузия денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе Ираннан Әзербайжан арқылы ел аумағына өткен азаматтан вирустың анықталғанын мәлім етті.

Сондай-ақ Пәкістанда сырқаттың екі жағдайы анықталған. Вирусты жұқтырған екі азамат та жуырда Иранда болып қайтыпты.

Сонымен қатар коронавирус Бразилия, Норвегия, Румыния, Грекия, және Солтүстік Македонияда тіркелген.

Бүгінде аталған вирус инвекциясы 48 елде анықталып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Корея, Италия және Иран елдері сияқты ауру ошақтарындағы жағдайларға қатты алаңдаулы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір