• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:00:33
Алматы
+35°
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
 
Әлім Серікұлы Қирабаев ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, академик Серік Қирабаевтың ұлы.

Ол 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Әлеуметтану оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.

1993-1994 жылдары – «Итору Корпорейшн» жапон фирмасы өкілдігінің бизнес-сарапшысы.

1997 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істейді.

2006 жылдан бастап ведомствода басшылық қызмет атқарады.

2008-2015 жылдары – Америка департаменті директорының орынбасары және ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау департаменті директорының орынбасары.

2015-2019 жылдары Сыртқы саяси талдау және болжау департаментін басқарды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болып істеген.
 
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір