• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:16:31
Алматы
+35°

Коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы туралы сағат 18.00-дегі соңғы деректерді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанда коронавирустың 44 жағдайы расталды, оның ішінде Алматы қаласында – 19, Нұр-Сұлтанда – 25 жағдай анықталған. Стационарлық карантинде – 860 адам, үй карантинінде – 2 611 адам жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстанда Қытай Халық Республикасы мен өзге көршілес мемлекеттерден келген азаматтарды бақылау жұмыстары жалғасуда. Барлық санаттар бойынша жалпы 2 885 адам бақылауға алынды, оның ішінде 262 адам – 1 «а» санаты, 1766 адам – 1 «б» санаты, 857 адам 2-санат бойынша бақылануда.

Мониторингке алынған 2 885 адамның 724-і бақылаудан алынды.

19 наурыздағы жағдай бойынша, барлығы 2 161 адам бақылауда қалады. Сондай-ақ, 19 наурызда 157 адам дене қызуымен және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауруханаға жатқызылды, олардың 47-сі 1 «Б» санатына жатқызылды; 2-санат бойынша – 53 адам; 3-санат бойынша – 57 адам.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, бұл науқастар алгоритм бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.

Эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, коронавирусқа қатысты ахуал денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауына алынған.

Министрлік коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін алдын-алу шараларын сақтауды еске салады:

- қолды және бетті сабынмен жиі жуу;
- адам көп жиналатын жерден аулақ болу;
- науқас адамдармен байланыста болмаңыз;
- суық тию белгілері (дене қызуы, мұрынның бітелуі, жөтел) болса, жедел жәрдем көмегіне жүгініңіз. 

Коронавирусқа байланысты ресми ақпаратты веб-сайттан және денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан біле аласыздар. Сұрақтар бойынша 1406 нөміріне қоңырау шалыңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір