• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
04 Сәуір, 08:22:23
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

23 Наурыз, 2020 Әлем

Германия канцлері Ангела Меркель карантинге жатқызылды

Германия канцлері Ангела Меркель

Германия канцлері Ангела Меркель үй карантиніне жатқызылды. Бұл туралы Германия үкіметіне сілтеме жасаған бірқатар халықаралық БАҚ хабарлады. 

Олардың жазуынша, Меркель карантинге жату туралы шешімді өзі қабылдаған. Өйткені оған екпе салған дәрігерден коронавирус табылған. 

Германия – Covid-19 коронавирусынан қатты зардап шегіп жатқан елдердің бірі. Соңғы тәулікте бұл елде 1948 адамнан вирус табылып, жұқтырғандар саны 18 мыңнан асқан. Елде 58 адам вирустан көз жұмған. 

Дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан, қаза тапқандар 13 мың адамнан асып кетті. Қазіргі таңда вирус 180-нен астам елге тарап үлгерді.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір