• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:45:36
Алматы
+35°

27 наурыз сағат 22.20-да Нұр-Сұлтанда – алты адамнан, Ақмола облысында – екі адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазір елде вирус жұқтырғандар саны 145-ке жетіп отыр. Министрліктің дерегінше, Нұр-Сұлтанда – 75 адамнан, Алматыда – 50 адамнан, Қарағандыда – төрт адам, Жамбыл, Атырау, Ақмола облыстарының әрқайсында үш адамнан, Шымкентте – екі адам, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әрқайсында бір-бір адамнан коронавирус табылған.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам коронавирустан көз жұмды. Алматыда – үш адам, Нұр-Сұлтанда – екі адам індеттен жазылып шықты. 


"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір