• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:12:10
Алматы
+35°

Ақтөбе облысында оқушылар үшін 3 мың ноутбук сатып алынады Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 43 сессиясында мәлім болды.

Әлеуметтік осал санаттағы отбасы балалары үшін облыстық бюджеттен 480 млн теңге бөлінетін болады. Бұл қаражатқа үш мың ноутбук сатып алу жоспарда бар.

Сонымен қатар, туындаған жағдайға байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға 890 млн 680 мың теңге бөлу жоспарланды.

Бұл қаржыдан 44 мың отбасы 20 мың теңгеден қосымша көмек алатын болады. Төтенше жағдайға байланысты азық-түлік және ең бірінші қажет тауарлармен қамтамасыз ету үшін арнайы жоспар құрылып, облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлінді.

Қаражат қайтарымды негізде бөлінетін болады және бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыруға бағытталады. Облыста коронавирустық инфекциямен күресу үшін бірінші кезекте қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға 529 млн.теңге бөлу жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір