• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:20:26
Алматы
+35°

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.

– Алматы қаласы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қала халқының осал топтарына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Арнайы қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен, сонымен қоса "Birgemiz" және "Жаңа Алатау" қоғамдық қорларының есебінен бөлінуде. Бұларға қоса аудан әкімдіктерінде ірі кәсіпкерлер де қолдау көрсетуде. Бір айдан бері біздің басқармада арнайы call-орталық жұмыс істеуде. Карантин басталғалы оған 11 мыңнан аса қоңырау түскен, – деді басқарма басшысы.

Осы уақыт ішінде Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының байланыс орталығына 5825 сұрақ келіп түскен. Олардың басым көпшілігі, яғни 50-60 пайызы – азық-түлік себетіне қатысты болса, қалған 30 пайызы 42 500 тг қалай аламын деген мәселеге тиесілі.

Сонымен қатар, Open Almaty орталығына – 5193 сауал түссе, Nur Otan партиясы 196 сұрақ қабылдаған.

«Жаңа Алатау» қоры мен Nur Otan партиясының демеушілік қаражаты есебінен мұқтаж адамдарға азық-түлік себеттері мен санитарлық-гигиеналық қоржын түрінде де әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Бүгінгі күні 5,5 мыңға жуық адам осындай себеттер мен жиынтықтарды алып үлгерген. Олардың қатарында үйіне барып қызмет көрсетуге мұқтаж жалғызбасты зейнеткерлер, 2019 жылдың аяғынан АӘК алушы, бірақ 2020 жылдың жаңа талаптарына сәйкес келмейтін азаматтар, сонымен қатар, сенім телефонына хабарласқан басқа да мұқтаж жандар бар.

Бұл көмек нақты мұқтаж адамдарға мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қалалық іс-шаралар жоспарының 23-тармағына сәйкес көрсетіледі.

Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 23 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Осылайша, 1-топтағы мүгедектер, мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар сияқты көмекке зәру жандар «Birgemiz» қорынан және 2 АЕК мөлшеріндегі төлемдер секілді әлеуметтік көмектің бірнеше түрін алады.

Төтенше жағдай кезінде жекелеген санаттағы адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру тәртібі бекітілген болатын. Бүгінгі күні оларға кемінде 2 АЕК түрінде (5302 теңге) әлеуметтік көмек көрсетілді.

Республикалық бюджет қаражатынан 43,8 мың адамға 244,1 млн теңге төленген. Еңбек министрінің бұйрығына өзгертулер енгізілуіне байланысты ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген 3-топтағы мүгедектерге қосымша 140 млн теңге 2 АЕК мөлшерінде төлем төлеу жоспарлануда.

Төтенше жағдайдың енгізілуімен кірісін жоғалтқандарға әлеуметтік төлем төлеу туралы мемлекет басшысының тапсырмасы аясында құжаттар қабылдау, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Табысынан айырылған 6 мыңнан астам қала тұрғыны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 ЕТЖ мөлшерінде (42,5 мың тг) әлеуметтік көмек алды. Жалпы, осы жәрдемақыны алу үшін бүгінгі күні 67 мыңнан астам өтініш келіп түскен, қамтылған адамдардың саны – 83 мың.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әлеуметтік көмек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір