• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:20:02
Алматы
+35°

Қазақстанның дәрігерлеріне көмек көрсету үшін Қытайдан медицина қызметкерлері келді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Бүгін қытайлық әріптестерімізді қарсы алдық. Бұл кездесу екі ел басшыларының уағдаластығы аясында өтуде. Біз үшін бұл кездесу сөзсіз маңызды, себебі Қытайдың эпидемиология мәселелеріндегі емдеу тәжірибесі мен зерттеулері маңызды болып отыр. Қытайдан 10 дәрігер арнайы келді, олардың арасында пульмонолог, эпидемиолог мамандар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар. 15 күндік іссапарда олар коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды диагностикалау, емдеу және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін талқылайды, – деді денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров.

Қытайлық дәрігерлер Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларына өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, көмек көрсететін болады.

– Бізде бұл сырқаттан жазылып, ауруханадан шыққан науқастар бар. Сонымен қатар, ауыр хәлде жатқан азаматтарымыз да бар. Бірқатары өкпені жасанды желдету аппараттарында жатыр. Сондықтан, әріптестерімізбен талқылайтын мәселе көп. Бізде бұл ауруды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы бекітілген. Бұл хаттама үздік халықаралық тәжірибелерге сай келеді. Әріптестеріміздің де тәжірибесін зерттеп, өзімізге пайдалы дерек алатынымызға сенімдімін, – деді К. Надыров. 

Қытай елшісі Чжан Сяо өз сөзінде дәрігерлердің тәжірибелі, жоғары білікті маман екенін атап өтті. 

– Қазақстанда пандемияға қатысты күрделі жағдай орын алды. Өкінішке қарай, вирус жұқтырғандардың саны артып келеді. Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданынан келген дәрігерлер де осы індетпен күресіп, көптеген науқастарды емдеп жазған. Бұл аурудың соққысы алғаш рет Қытайға тиді. Бүгінге дейін вируспен күресу бойынша бірқатар тәжірибе жинақтадық. Әлі күнге дейін бұл вирус - біз үшін жаңа, ол туралы білеріміз аз. Бірақ, қазақстандық достарға да айтарымыз бар. Коронавируспен күрес бойынша тәжірибе бөлісуге дайынбыз, – деді Чжан Сяо.

Шыңжандық дәрігер Лу Чжен дәрігерллердің Қазақстанға үлкен дайындықпен келгендігін және инфекциямен қалай күрескендерін тәжірибе жүзінде көрсететіндерін атап айтты.

В Нур-Султан также прибыл гуманитарная помощь из Китая

Сразу по прилёту ещё на борту у китайских медиков взяли анализы на КВИ

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір