• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:48:26
Алматы
+35°

Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаттары «Нұр-Ғасыр» мешітімен бірігіп қайырымдылық шарасын өткізді. Бұл акция Қасиетті Рамазан айына орай ұйымдастырылды.

Дәстүрлі түрде бұл қасиетті айда ел тұрғындары мұқтаж жандарға көмек көрсетуде асқан белсенділік танытады, өйткені, Ораза айында пітір-садақа және зекет беру мол сауапқа кенелтеді. 

қаь

Бұл айдағы игі істер мен мұқтаж және науқастарға көрсетілген жомарттылық үшін Алла Тағаланың сыйы еселеніп, адамды өзіне жақындатады.

Аталмыш акция аясында 99 мүгедек балаларға жалпы сомасы 2 млн. теңгені құрайтын азық-түлік қоржындары (ет, ұн, күріш, шекер, кәмпиттер, т.б.) үлестірілді.

впцы

Алла Тағаланың 99 есімі болғандықтан 99 саны да кездейсоқ алынған жоқ. Сондай-ақ, балалар және олардың отбасылары үшін Алла Тағаланың 99 есімі бейнеленген арнайы сыйлық әзірленді.

выаыв

Бұл Есімдерді атап отыратындардың Иманы күшейіп, күмән мен сенімсіздіктерін кетіреді. Егер, бұл есімдерді атап, кейін бірнеше рет дұға оқылса, ем қонбайтын ауруларды сауығуға өз әсерін береді,- дейді ұйымдастырушылар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір