21 Сәуір, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Өскемендегі балалар шығармалық сарайы онлайн режимде жұмыс істеуге көшті. Бүгінде аталмыш саланың қызметкерлері балалармен бес бағыт бойынша қашықтықтан бағыт-бағдар беруде.
– Біздің ұжым оқушылармен вокалдық, хореографиялық, сәндік-қолданбалы, әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық бағыттар бойынша жұмыс істеуде. Жоспарланған шаралардың дені онлайн режимде өтіп жатыр, – деді оқушылар шығармашылық сарайының директоры Галина Асташкина.
Директордың айтуынша, балалар ұлы ақынның 175 жылдығына орай виртуалды викториналық сауалдарды шешіп, ой-өрістерін кеңейтуде.
Сондай-ақ жауапты сала мамандары оқушылар мен ата-аналарға онлайн режимде психологиялық кеңес беріп жатқанын айта кеткен орынды.
ШҚО ақпарат орталығы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір