• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Мамыр, 13:18:52
Алматы
+35°
 

Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық Банкі Bank of New York Mellon (бұдан әрі – BNYM) лондондық филиалында орналасқан жарты миллиард доллардан астам Ұлттық банктің ақшалай қаражатына тыйым салу үшін әрекеттер жасаған екі молдавалық бизнесмендер – Анатол және Габриэл Статиді тағы да бір жеңіліске ұшыратты, –  деп хабарлайды әділет министрлігінің ресми сайты.

"2017 жылдың қазан айында Стати тарабы бельгиялық соттардан BNYM-ге жолданған атқару бұйрығын алды. Соның негізінде BNYM 22 млрд АҚШ долларын құрайтын Ұлттық банк шоттарына тыйым салды. Әділет министрлігі мен Ұлттық банк тыйым салынған қаражат сомасын 530 млн АҚШ долларына дейін төмендетті. 2018 жылдың 25 мамырында бельгиялық сот дауды шешу үшін Англияның сотына сілтеме жасады. Ағылшын соты бұл мәселені төрткүндік сот процесінде қарап, 2020 жылғы 22 сәуірде шешім шығарды" делінген ақпараттық хабарламада.

Стати заңгерлері ағылшын сотына 530 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі қаражат Қазақстан Республикасы алдындағы BNYM берешегін құрап, бельгиялық тыйым салуды қолданудың аясына кіреді деп хабарлаған.

Судья Тир олардың дәлелдерін қабылдамай, мынадай шешім қабылдаған:

"(i) Қазақстан Республикасы BNYM мен Ұлттық банк арасындағы жаһандық депозитарлық келісімнің тарабы болып табылмайды, (ii) жаһандық депозитарлық келісім бойынша BNYM міндеттемелері тек қана Ұлттық банкке тиесілі (Қазақстан Республикасына емес), (iii) жаһандық депозитарлық келісімге сәйкес BNYM-нің Қазақстан Республикасына ақшалай қаражатты төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, (iv) Қазақстан Республикасының жаһандық депозитарлық келісімге сәйкес BNYM депозиттеріндегі ақша қаражатына қатысты BNYM-ге қандай да бір талап қою құқығы жоқ".

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың сөзінше, үш жыл бұрын бұл сот төрелік шешім Стати тарапынан алаяқтық жолмен алынды деп ойлауға жеткілікті дәлел бар екенін анықтаған.

– Қазір сот олар бөгде заңды тұлғаның активтеріне тыйым салды деп қаулы етті. Біз бұрынғыдай Стати алаяқтығына қарсы күрес үшін барлық қажетті шараларды олар таңдаған әрбір юрисдикцияда қабылдауға дайынбыз, – деді министр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Стати ісі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір