• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:06:57
Алматы
+35°

Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Маханбетәліұлы Қаныбек мәлімдеді.

           -ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясына жолданған хаттың негізінде формалық жүн бас киімдердің сатып алу бағасы түсірілді. Аталған бас киімнің алғашқы бағасы 58 000 теңгеден 15 500-ге дейін түсіріліп, осылайша 2 295 000 теңге үнемделді.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына өңірде ТЖ және карантин кезеңінің енгізілуін ескере отырып, жолдаған хатымызға сәйкес салауатты өмір салтын насихаттау қызметін алуға арналған жалпы сомасы 133 383 000 теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы тоқтатылды, - деді Серік Маханбетәліұлы

Оның айтуынша, «Департаменттің хатына сәйкес, алдын-ала жоспарланған кейбір заттардың бағасы төмендетіліп, облыстық көпсалалы балалар ауруханасы 740 000 теңгені үнемдеді.

Бұдан бұрын Департаменттің бастамасымен облыс әкімдігінде басқармалар мен жергілікті атқарушы орган бөлімдерінің басшыларына арналған кеңейтілген кеңес өткізіліп, онда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптары түсіндірілді».

      -Ағымдағы жылғы 13 және 15 қаңтарда Ақтау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша біз электр энергиясын жеткізу, беру және тұтыну қызметтерін көрсетуге келісім-шарттарды заңсыз жасасу фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша 2 қылмыстық іс тіркедік.

      «Сапалы жол» жобасын жүзеге асыру үшін біз Көліктік бақылаудың аймақтық инспекциясымен бірлесіп жүк көліктерінің инертті жүктерді тасымалдау мониторингін жүргіздік.

Нәтижесінде 2 адам көлік құралының жалпы массасы мен осьтік жүктемесінен асып кетуі және артық габариттері бар ірі көлік құралдарының өткендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабының 1 және 6-бөліктері). Оларға жалпы 742 280 теңге көлемінде айыппұл салынды,-деп мәлімдеді Департамент басшысының бірінші орынбасары.

      ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, «Жол активтерінің сапасы орталығы» РМК-мен және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын «Мұнай Жолдары» ЖШС-мен бірлескен түрде «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала» автожолының (29 км) құрылысына мониторинг жүргізген.

Оның барысында жол салу кезінде бұрын анықталған бұзушылықтарды мердігер («Алтын құрық» ЖШС) жоймағаны анықталып, осыған байланысты тиісті акт жасалған және оларды жою бойынша шаралар қабылдануда.

Спикердің мәлімдеуінше, Департамент қызметкерлері «Адал жол» жобасы аясында облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп Маңғышлақ-Ақтөбе және Алматы-Маңғышлақ маршруттарында пойыздарға билетсіз жолаушылардың және рәсімделмеген жүктер тасымалдарын анықтау мақсатында мониторинг жүргізді.

Нәтижесінде, жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 4 жолсерікке қатысты 5 әкімшілік хаттама жасақталған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабы 4-бөлігі) және билетсіз жолаушыларды тасымалдағаны үшін (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 623-бабы, 4-бөлігі) әрқайсысына айыппұл салынған.

 «Маңғыстау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік топ өкілдермен бірге ҰБТ тапсыру барысын бақыладық, білім беру ұйымдарында «Бірыңғай сағат» республикалық акциясын өткіздік. Агенттік басшылығының, облыс әкімі, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихаттар депутаттары, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «Antikor ortalygy» ашылды,-деді С. Қаныбек.

Департамент тарапынан «Халық заңгері» жобасы аясында облыс прокуратурасының, полицияның, Экономикалық тергеу және мемлекеттік қызмет департаментінің қызметкерлерімен бірлескен, тегін заңгерлік көмек көрсету үшін азаматтарды қабылдау өткізілді.

Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау ауданында «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің филиалдары ашылды. Онда аймақ активтерімен кездесулер өткізіліп, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты түсіндірілді.

-Қазіргі уақытта төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты біздің тарапымыздан ANTIKOR.LIVE жобасы шеңберінде онлайн-режимде заңдарды түсіндірумен және тұрғындардың сұрақтарына жауап беру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары тікелей эфирге шығуда,- деп мәлімдеді Серік Маханбетәліұлы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір