• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:10:44
Алматы
+35°

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бастаған жұмыс тобы Ақтау қаласындағы бірқатар құрылыс алаңдарын аралады. Аймақ басшысы алдымен 33 шағын ауданда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қолжетімді баспана» бағыты бойынша салынып жатқан «Аққу-3» тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты. Құрылыс жүргізуші мердігер мекемелер "Еврострой" ЖШС, "Альянс Строй ЛТД+R" ЖШС, "Каскор СМУ" ЖШС. Өңір басшысы кешеннің құрылысын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтауды тапсырды.

tukik

Бұдан кейін облыс әкімі  29 ш/а, 24 мекен-жайында орналасқан "Заветная мечта" обьектісінде болды.  Аталған ғимаратта 2 мемлекеттік мекеме, бірі Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, екіншісі Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы орналасатын болады. Мүмкіншілігі шектеулі жандардың және жұмыссыздардың "Әлеуметтік портал " және "Enbek.kz" порталымен жұмыс жасаулары үшін өзіне-өзі қызмет көрсету алаңы, күту залы, жұмыс берушілермен жұмыс жасау алаңы, жұмыс іздеушілермен жұмыс жасау алаңы және мүмкіншілігі шектеулі азаматтармен жұмыс жасау алаңдарының болуы ескеріле отырып іске асырылуда. Жоғарыда аталған 2 мемлекеттік мекеме жылына 33 мыңнан аса халықты қамтитын 18 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ,  қаланың 3 шағын ауданында  тозығы жеткен 670 кв тұрғын үйлерді жаңарту бойынша инженерлік желілер құрылысы жүргізілуде. Онда ауыз су, кәріз құдығы, жылу, тоқ, газ, телефон желісі, жолдарды абаттандыру жоспарланған. 2019 жылы  "Ас-құрылыс" ЖШС конкурсты жеңіп алып, құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың ақпан айында бастады. Жобада шатыр (кровля) және аумақты абаттандыру жұмыстары қарастырылмаған.  Жоба "Жұмыспен қамтудың Жол картасына" қосылған, қазіргі таңда құрылыс жұмысының 70 %-ы жасалды. Аймақ басшысы атқарушы мекемелерге жұмыстың сапалы және уақытында орындауды тапсырды.

Бұдан кейін жұмыс тобы, қаланың іргесіде салынып жатқан автожолдың құрылысымен танысты. Жобаның алғашқы кезеңінде жолдың 15,6 шақырымында асфальт төсемінің негізгі және төменгі қабаттары төселді. Жалпы ұзындығы 27 шақырымды құрайтын жол учаскесі 4 жолақты болмақ. Сондай-ақ, аталмыш нысанда жаяу жүргіншілер өтпелі мен веложолдар салынып, жарықтандыру бағандары орнатылуда. Учаскедегі жұмыстарға техниканың 80 бірлігі мен 200-ге тарта жұмысшы жұмылдырылған. Қайта жаңарту жұмыстары мен құрылыс материалдарының сапасын «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» сараптамадан өткізуде. Мердігер – «Ақжол Құрылыс». Бұдан бөлек, компания су төгетін «Шора» арнасы арқылы өтетін ұзындығы 70 метрден асатын көпірді салып жатыр. 

Сонымен қатар, жолшылар жобаның 4-ші кезеңі аясындағы жұмыстарды белсенді түрде жүргізуде. Ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын Өмірзақ елді мекенінен Ақтау қаласындағы жағажайға дейінгі 4 жолақты автомобиль жолын «Алтынқұрық» ЖШС салуда. Бүгінгі таңда нысанның 4,2 шақырымында жолдың негізгі төменгі қабаттарын төсеу жұмыстары жалғасуда. Жол учаскесінде техниканың 50 бірлігі мен 100-ге жуық адам жұмыс істеуде.

Бұдан кейін жұмыс тобы Маңғыстаудағы ең ірі азық-түлік сақтайтын қойма «Азерсун» логистика және өндіріс орталығына барды. Ғимарат арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Аумағы 10 мың шаршы метр  Мұнда жүк көліктері және темір жол арқылы тасымал жүргізуге толық мүмкіндік бар. Ал, қойманың өзі голландтық технологиямен жабдықталған. Нысан екі бөліктен тұрады. Бір жағында құрғақ өнім сақталса, салқындату және мұздату арқылы да сақтау қарастырылған. Бүгінде қоймада 1108 тн ұн, 412 тн қант,277 тн күріш, 94 тн макарон, 362 тн сұйық май, 266 тн құс еті, 25 тн сүт,400 000 дана жұмыртқа бар. Бұдан бөлек жалпы тұрақтандыру қорына 2700 тн-дан аса азық-түлік жинақтау жоспарланған. Қазіргі кезде 1068 тн азық-түлік қоймада жинақтаулы тұр (займ бойынша 380 млн теңгенің айналымдағы азық-түлікті есептемегенде).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір