• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:46:45
Алматы
+35°

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 жағдай тіркелді және 1 адам көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қауіпті індеттен қайтыс болған науқас Шымкент қаласының тұрғыны.

 

Әйел адам 1942 жылы Шымкент қаласы, Абай ауданында туған.

78 жастағы науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

29 сәуір күні азаматша жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты ИВЛ аппаратына қосылған.

Науқастың қосалқы аурулары: 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, өте жоғары тобы, созылмалы бронхит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 3 мамыр күні, сағат 10:20-да науқас қайтыс болды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір