• USD 399.67
  • EUR 452.95
  • RUB 5.82
  • CNY 56.36

04 Мамыр, 2020 Саясат

Аида Балаева министр атанды

Аида Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды.

zakon.kz

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын" делінген Ақорда сайтына жарияланған жарлық мәтінінде.
 
Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі болған Дәурен Абаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.
 
Президент әкімшілігі басшысының экс-бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев сенат депутаты, ҚР парламенті сенатының төрағасы қызметіне ауысқан.
 
Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы туған.
 
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
 
1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
 
2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
 
2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
 
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
 
2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
 
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
 
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
 
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
 
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
 
2019 жылғы 22 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
 
«Құрмет» орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған.
 
Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.
Ілмек сөздер: Аида Балаева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір