• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:23:14
Алматы
+35°

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 310 кәсіпорнында 7,2 мың жұмыскердің алдында жалақы бойынша 765 млн теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындауға міндетті 113 ұйғарым беріліп, 16,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 700 млн теңге төленді.

Жалпы, ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,3 мың тексеру жүргізіп, 2013 ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтады және 66 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: еңбек құқығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір