• USD 399.67
  • EUR 452.95
  • RUB 5.82
  • CNY 56.36

19 Мамыр, 2020 NEWS

Ресей аспанында белгісіз жарық зат пайда болды

The Sun

Ресей аспанында белгісіз жарық зат пайда болды. "Түнгі аспанда жарқыраған ғарыштан келген қонақ орыстарды үрейлендірді" деп жазды британиялық The Sun газеті. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды. 

Сібір аспанында ұшып бара жатқан жұмбақ шар пайда болған. Ресейдің кемінде 4 аймағында түсірілген видеоларда үлкен және жарық нысан көрінген. Куәгерлер «түнді күндіз етті» дейді. 

Бір байқаушы: "Мен бір гуіл естідім, содан кейін иттер үре бастады. Мен оның не екенін түсінбедім" десе, тағы біреуі: «Жарқыраған, ақ және көк» деген.

Бір куәгер бұрын-соңды көрмеген жарқыраған затты байқағанын айтса, ал екінші бір адам: "жарық ақ түске өзгеріп, содан кейін жарылыс болды», - деді.

Жарық зат Красноярск, Тува, Хакасия және Кемерово аумақтарының аспанында көрінген.

Кейбір мамандар олардың Ресей зымыраны болуы мүмкіндігін айтады, себебі метеориттің жерге құлағанына дәлелдер жоқ.

– Бұл қоршаған ортада жағылған метеор болуы мүмкін, – дейді кейбір мамандар.

Ілмек сөздер: Ресей Белгісіз зат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір