• USD 399.67
  • EUR 452.95
  • RUB 5.82
  • CNY 56.36

20 Мамыр, 2020 NEWS

Серік Ақылбай бейбіт жиындар туралы: Заңдағы нормалар халықаралық конвенцияға сәйкеседі

inform.kz

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Жалпы, бұл заң біраз талқыланды, яғни қоғамдық талқылау көп болды. Әрине, бұрынғы құжатқа қарағанда қазіргі заң айтарлықтай ілгерілеуді байқатып отыр. Осы орайда бұл бағытта жасалған қадамдарды толықтай қолдаймын. Себебі «Азаматтар туралы пакті» деген халықаралық құжат бар, сонда адамдардың құқықтары толықтай сақталуы тиістігі көрсетілген. Біздің Конституцияда да оның барлығы ескерілген, – деді С. Ақылбай.

Бұл тұрғыда ол «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы бұрынғы заңнамаға қарағанда елеулі түзетулерді қамтығанын атап өтті.

Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі нақтыланғанына тоқталған С. Ақылбай:

– Осы орайда өзінің пікірін айтушылардың құқығын ғана емес, жалпы қоғамның құқығы сақталуы керек. Мысалы, митингіге қатыспайтын басқа адамдардың, автобусқа отырған жолаушылардың, көшеде серуендеп жүргендердің құқығы бұзылмауы тиіс. Сондықтан осы заңда бұл мәселеге қатысты дұрыс шешім қабылданған, – деді.

Сонымен қатар Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы аталған құжатта митинг, жиналыс, демонстрация мен шеруге қатысты нақты сипаттама берілгенін тілге тиек етті.

– Қазіргі уақытта біз цифрлық технологияны кеңінен пайдаланып келеміз. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн белгіленген арнайы орындарда онлайн режимде көрсететін құралдар болады, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келеді. Жиналыста айтылған мәселенің барлығын тікелей эфирден көру мүмкіндігі жасалады. Яғни, халықтың құқығы толықтай халықаралық конвенцияға сәйкес сақталған. Сондықтан бұл заңды өте дұрыс құжат деп санаймын, – деді Серік Ақылбай.

Еске сала кетейік, биыл 14 мамырда ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасына бірқатар түзету енгізді.

Ал бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, дауыс берді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір