• USD 402.37
  • EUR 449.81
  • RUB 5.86
  • CNY 56.67

20 Мамыр, 2020 NEWS

АҚШ 7 сүңгуір кемесін Оңтүстік Қытай теңізіне жіберді

Көрнекі сурет

АҚШ мемлекеттік қорғаныс басшылары Тынық мұхитының батыс бөлігінде "төтенше жағдайларға жауап беру операцияларына" қатысу үшін Тынық мұхит флоты сүңгуір қайық күштерін жіберді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Millitary.com басылымына сілтеме жасап хабарайды. 

– Бұл миссиялар Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі операцияларына қарсы бағытталған "еркін және ашық үнді-тынық мұхит" саясатын қолдауға құрылған,–деп мәлімдеді Пентагонның қосалқы күштері. 

Millitary.com-ның ақпаратынша, Вашингтон кем дегенде жеті әскери сүңгуір кеме жіберген. Олардың ішінде гуамдық шабуылға арналған 4 сүңгуір кеме, Сан-Диегода орналасқан "USS Alexanderia" кемесі және гавайлық бірнеше кеме жіберілген.

– Қытай-АҚШ арасында шиеленістер мен коронавирустық пандемияға қарсы қақтығыс күшейіп жатқан кезде Вашингтон әскери-теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізі аймағында күш көрсету ретінде Тынық мұхитының батыс бөлігіне әскери кемелер жіберуі аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін, – дейді сарапшылар. 

Ілмек сөздер: АҚШ сүңгуір кеме

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір