• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Қараша, 16:25:00
Алматы
+12°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданындағы жобалар үлгісінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Бұл туралы Іnstagram парақшасында жариялады.

– Бүгін жұмыс сапары барысында «өнеркәсіптік» Жетісу ауданының абаттандыру жұмыстарымен таныстым. 2019 жылы бұл ауданда 7 сквер мен саябақ салынды. Биыл 12 гүлзар абаттандырылады. Бірқатар жобалар, соның ішінде балабақшалар, арық желілері мен аулаларды жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылуда. Бұл шаралар 700-ден астам адамды жұмыспен қамтымақ, – деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар қала әкімі рекреациялық аймақтарды ғана ретке келтіріп қоймай, кешенді түрде соған іргелес жатқан аумақтарды да қалыпқа келтіруді тапсырғанын атап өтті.

– Бұл жұмыста отандық өндірістегі заманауи әрі ұзақ мерзімге жарамды материалдарды пайдалану қажет. Ауданда 220 мың ағаш бар болса, соның 5 мыңы соңғы 3 жылда отырғызылыпты. Қала тұрғындарының сұранысы бойынша өмір сүру мен жұмыс істеуге ыңғайлы, сондай-ақ демалыс уақытын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Бұл – ерекше микроклиматтың орнығуына, қала тұрғындарының көңіл-күйіне оң әсер ететін болады, – деді шаһар басшысы.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

21.05.2020 Бүгін жұмыс сапары барысында «өнеркәсіптік» Жетісу ауданының абаттандыру жұмыстарымен таныстым. 2019 жылы бұл ауданда 7 сквер мен саябақ салынды. Биыл 12 гүлзар абаттандырылады. Бірқатар жобалар, соның ішінде балабақшалар, арық желілері мен аулаларды жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылуда. Бұл шаралар 700-ден астам адамды жұмыспен қамтымақ. Рекреациялық аймақтарды ғана ретке келтіріп қоймай, кешенді түрде соған іргелес жатқан аумақтарды да қалыпқа келтіруді тапсырдым. Бұл жұмыста отандық өндірістегі заманауи әрі ұзақ мерзімге жарамды материалдарды пайдалану қажет. Ауданда 220 мың ағаш бар болса, соның 5 мыңы соңғы 3 жылда отырғызылыпты. Қала тұрғындарының сұранысы бойынша өмір сүру мен жұмыс істеуге ыңғайлы, сондай-ақ демалыс уақытын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Бұл — ерекше микроклиматтың орнығуына, қала тұрғындарының көңіл-күйіне оң әсер ететін болады. —— Сегодня во время рабочего объезда ознакомился с благоустройством «промышленного» Жетысуского района. Осмотрел ход ремонта скверов в мкр. Кокжиек и мкр. Кокмайса, по ул. Серикова и ул. Северное кольцо, а также пешеходной зоны по ул. Казыбаева. В районе в 2019 году было обустроено 7 скверов и парк. В текущем году будет благоустроено 12 скверов. Ряд проектов, таких как ремонт детских садов, арычных сетей, дворов, реализуется в рамках «Дорожной карты занятости». Будут трудоустроены более 700 человек. Поручил привести в порядок не только рекреационные зоны, но и прилегающие к ним территории, обеспечив комплексный подход. Необходимо использовать долговечные материалы отечественного производства. Особое внимание будет уделено оздоровлению зеленого фонда района, насчитывающего 220 тыс. деревьев, 5 тыс. из которых высажены в последние 3 года. Этой осенью по проекту #JasylAlmaty будет высажено порядка 20 тыс. деревьев. Предпочтение — проверенным видам, чтобы саженцы быстро приживались. В соответствии с запросами жителей продолжим улучшать условия для жизни, продуктивной работы и активного отдыха. Это создает особый микроклимат, положительно влияет на самочувствие и настроение горожан.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір