• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:19:46
Алматы
+35°

Елордада санитарлық нормаларды бұзған 12 нысан жабылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиолог мамандармен бірлесіп, санитарлық нормаларды бұзған нысандарды анықтау үшін күн сайын рейд жүргізеді.

Мамырдың 21-26 аралығында 150 кәсіпорын тексерілді. Санитарлық нормаларды бұзған 12 нысан жабылды. Олар дәмхана, мейрамхана, бар, азық-түлік дүкені, спа-салон және т.б. Сондай-ақ, «Бруно», «Roofork» және т.б. бірқатар нысанға айыппұл салынды.

Жұмысын қайта бастаған нысандар санитайзерлер орнатып, қызметкерлері мен келушілері маска киіп, арақашықтықты ұстану сынды санитарлық нормаларды сақтауы тис.

Санитарлық дәрігердің қаулысымен COVID-19 індеті толықтай жойылмайынша түнгі клуб, фитнес клуб, жаттығу залдары, спа салондар, массаж кабинеттері, косметологиялық орталықтар, клиникалар, орталықтар және т.б. жұмысына тыйым салынды.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 26 нысан жабылған болатын. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Бұл нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады.

150 кәсіпорын ескерту алды. Мұндай қатаң шараларды ұстанудағы мақсат –  коронавирустың талауына жол бермеу. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір