• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:40:47
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы хабарлады.

"Тәжірибелі сот-медицина сарапшылары мен жоғары санаттағы кардиологтардан құралған комиссия Ағаділ өлімінің себептерін мұқият зерттеді. Ағаділдің жақын туыстарының өтініші бойынша комиссияға енген сарапшылар да бар. Олардың анықтауынша, Ағаділдің өліміне жүрек ауруларының асқынуы себеп болған" делінген хабарламада.

Прокуратураның хабарлауынша, комиссия мүшелері Ағаділ денесінен жарақат таппаған.

"Ағаділдің өліміне оған қойылған асқынған миокард инфаркты диагнозы себеп болды. Нәтижесінде қан ұйығыштығы бұзылып, сол жақ жүрек қарыншасында қан жеткіліксіздігі байқалған. Сарапшылар Ағаділдің денесінен жарақаттар анықтамады. Осыған байланысты 25 мамырда Ағаділге қатысты іс қылмыстық ережебұзушылық болмағандықтан тоқтатылды", - деді прокуратурадағылар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір