• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:31:13
Алматы
+35°

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыстық мәслихаттың сессиясында өңірдің даму стратегиясы мен бюджет шығынын оңтайландыру бойынша баяндама жасады.

Vxbd
-«Облыс бюджетіне қатысты негізгі міндеттің бірі қаржы-қаражатты үнемдеп, нақты салаға ғана үлестіруді жүйелі түрде жүргізуіміз керек. Ел аумағында жарияланған Төтенше жағдай мен карантин уақытында жоспарланған барлық мәдени, спорттық шаралар, іс сапарлар, семинарлар, біліктілікті арттыру курстары, мемлекеттік тапсырыстардың көлемдері азайтылды. Алдағы уақытта да «аз шығын, көп кіріске көңіл бөлуіміз қажет. Оңтайландыруды нақты іске асыруды өзімізден бастап, шығыны көп қызметтік көлік, облыстағы мерекелік-мәдени шараларды қысқарту және үкіметтің балансындағы ғимараттарды ұқыпты әрі тиімді пайдалану секілді үнемдеуге бейімделуіміз керек», деді, аймақ басшысы. Облыстың қазіргі бюджет көлемі 160 млрд.теңгені құрап отыр, оның толық орындалысын қамтамасыз ету үшін әлі де оңтайландыру жұмыстары жалғасады. Қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына да осындай міндет жүктелген.
-«Бүгінгі таңда жергілікті бюджет кірістерінің 70%-ға жуығын мұнай компанияларынан түсетін түсімдер құрайтындығын ескерсек, бұл бізге мұнайдан басқа да салаларды дамытуға назар аудару қажет екендігін аңғартады. Сондықтан біз мұнай шикізатына тәуелділікті азайту бағытында, негізгі акцентті шикізаттық емес секторды дамытуға бағыттадық» деді С.Трұмов. Сонымен қатар, жиында өңірдегі орта және шағын бизнес, денсаулық сақтау саласы қатысты ой айтылды.
Бүгінде медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында арнайы жоспар жасақталған. Биылғы жылы Ақтау қаласындағы онкологиялық орталықтың және Жаңаөзен қаласында 50 төсек орнына арналған медициналық орталығының құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласындағы жаңа жедел-жәрдем станциясы (туберкулез ауруханасы қайта жасақталып) және Қызылсай ауылында дәрігерлік амбулатория қолданысқа беріледі. Көптен бері шешімі табылмай жүрген өзекті мәселе, ол – Мұнайлы ауданындағы орталық аурухана құрылысы. Аталған жобаны тездету үшін Үкімет қарауына ұсынылды. Сондай-ақ, қосымша жаңа медициналық нысандарды салуға жеке инвесторларды тарту жұмыста жүргізілуде. Мысалы, Ақтау қаласындағы 1 шағын аудандағы бұрынғы Ішкі істер қызметкерлеріне арналған емхананы және 37 шағын аудандағы емхана салуға белгіленген жерге жеке инвестор арқылы жүргізілетін болады.
Маман тапшылығын шешу үшін жыл сайын грант беріледі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында 522 медицина маманы оқытылуда. Мамандардың барлығы өңірге келіп жұмыс жасайтын болады.
Бұдан бөлек, қажет мамандар басқа да өңірлерден шақыртылуда. Олар үшін Мұнайлы ауданындағы жатақханадан 30 бөлме беріледі, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында денсаулық сақтау саласының қажет мамандарына 15 пәтер сатып алынды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске қосылғаннан бері 412 маманға үй сатып алуға несие берілді.
Шағын және орта бизнес. Бүгінгі таңда өңірде бұл сала бойынша 53 мыңға жуық субъект жұмыс істеп, 120 мыңнан астам адам еңбек етеді.
Карантин режимі кезінде шағын және орта бизнес өкілдеріне ауыр салмақ түскендігі белгілі. Осыған байланысты, облыс бойынша жыл соңына дейін 17 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері салықтан босатылды.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 200 жобаның сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы кәсіпкерлердің несие пайызын арзандату мен 130 жобаны кепілдендіру, «Еңбек» бағдарламасы аясында 346 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір