• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:31:17
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Депутаттар Елбасының сарқылмас күш-қуаты мен ерік-жігерлілік  қасиеттері оған коронавирус індетін жеңуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Халық қалаулыларының пікірінше, Тұңғыш Президенттің кез-келген жағдайдан жол табатын ерекше қабілеті еліміздің қиын-қыстау уақыттарға төтеп беріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары осы күні барлық қазақстандықтардың Елбасына шынайы жанашырлық танытуы, халықтық қолдауын айғақтайтынын атап өтті.

«Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығын және ұзақ ғұмыр тілейміз» деді Мәжіліс депутаттары.

Мәжілістің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір