• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:48:51
Алматы
+35°

Ресейге ескерту үшін Ұлыбритания Арктикаға "аңшы-киллер" ядролық су асты кемелерін жіберді. НАТО-ның "Dynamic Mongoose" деп аталатын операциясына Ұлыбританияның корольдік әскери-теңіз күштерінің ядролық су асты кемесі және АҚШ, Франция, Норвегия, Германияның су асты кемелері, оған қоса, су үсті әскери кемелері мен ұшақтары қатысқан. Бұл туралы Қамшы тілшісі америкалық usadailyexpress.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Ресей қарулы күштерінің су астындағы белсенділігі соңғы айларда күрт артып, Солтүстік флотқа көптеген соғыс кемелері қосылған. Коронавирустық пандемия кезінде Мәскеу Арктикалық аймақтағы жаттығуларды арттырып, көрші мемлекеттерге әскери маневрлер арқылы сес көрсеткен. НАТО операциясы Ресей әскери жаттығуларына ескерту ретінде болып жатқанын жазды америкалық БАҚ. 

Осыған байланысты "Warships International Fleet Review" басылымының редакторы Иайн Балланте НАТО-ның әрекетін "Ресей қарулы күштеріне ең жақсы соққы" деп сипаттаған.

– Бұл Ұлыбритания мен оның НАТО-дағы одақтастарының ондаған жылдар ішіндегі Путинге алғаш рет жолдаған қатаң ескертуі. Бұл операция Ресей шабуылының дамуын және олардың баллистикалық сүңгуір қайықтарын қадағалайды,– дейді Балланте.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НАТО Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір