• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:30:24
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында коронавирус инфекциясынан 59 медицина қызметкері қайтыс болғанын айтты.

– Тізімді біз аймақтардан алып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдадық. Осы күнге дейін жұмыс орындарында медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтыруының 123 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 59 медицина қызметкері көз жұмды, – деді Алексей Цой.

Оның айтуынша өтемақы беру мәселесін жауапты ұйым жүргізеді.

– Біздің міндет – тізімді жинап, тапсыру. Тізімнен бөлек сол дәрігердің нақты қайда – үйінде әлде жұмыста жұқтырғаны қаралатын эпидемиологиялық карта бар. Яғни нақты эпиданализ бар, – деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігі 3-19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 210 адам қайтыс болғанын мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір